ҚМДБ «Зекет және Қайырымдылық»
қорының жобалары
«ЕЛ ҮЛЕСІ ПӘТЕРГЕ»
Ауқымы жағынан ең ірі жобалардың бірі «Ел үлесі пәтерге» жобасы аясында көпбалалы отбасылар, жетім-жесірлер мен мүмкіндігі шектеулі жандары бар отбасылардың баспаналы болуына мүмкіндіктер жасалуда. Аталмыш жоба іске қосылағаннан бері “Зекет және қайырымдылық” қоры бүгінге дейін 807 мұқтаж отбасыға баспана кілттерін табыстап, қуаныш сыйлады.
Photo by Marion
Photo by Jacob
Photo by Mike
Photo by Jacob
#Денсаулық
Өмірге үміт сыйла жобасы адамдардың еміне көмек қолын созу және өтініш білдірушілерге дәрі-дәрмек алып беру, қажет болғанда жол шығынын көтеру
Өмірге үміт сыйла
ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қоры мен «NEURO&VIVO» медициналық орталығы арасында ынтымақтастық туралы меморандум жасалды. Меморандум ясында аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларда талма (эпилепсия) ауруын алдын алу мен емдеу бойынша тегін тексеру (скрининиг), дәрігер кеңесі берілетін болады. Қазіргі таңда оңалту орталықтарына арнайы құрылғылар мен жабдықтар беріліп жатыр. Сондай-ақ, күніне 15 бала бір сағаттан ем алатын «Жаңа ғасыр» орталығы ашылды. Онда жүйке жүйесінің дамуы мен сөйлеуі тежелген балаларды 1-2 тәулікке қалдыру мүмкіндігі де қарастырылған.
Өмірге үміт сыйла
ҚМДБ “Зекет және қайырымдылық” қоры биылғы жылы 12 905 емге мұқтаж отбасыға емделуге көмек берді. Сонымен қатар, ауыр дертке шалдыққан ерекше балалардың саны уақыт өткен сайын өсіп жатқаны жанымызға батады. Осыған орай, «Өмірге үміт сыйла» жобасы аясында ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қоры бүгінге дейін ерекше мұқтаждығы бар 126 балаларды оңалту орталықтарына 501 бизиборд сыйға табысталды. Сондай-ақ, 3 логопедиялық және ұсақ моториканы дамытатын үстел оңалту орталықтарына берілді.
Одан бөлек, «Өмірге үміт сыйла» жобасы аясында балалардың сенсомоторлық дағдыларын дамытуға арналған 2 сенсорлық-динамикалық кешені мен 1 тұз шахтасы ерекше мұқтаждығы бар балаларды оңалту орталықтарына табысталды.

QAZ-QATAR
«Балық берме, қармақ бер» нақыл сөзді басшылыққа алған ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қоры
«QAZ-QATAR» құрастырылмалы тауық фермалар жобасын іске қосты. Қазіргі уақытта Ақмола және Түркістан облыстарында құрастырылмалы тауық фермалары жұмыс жасауда. Жалпы тауық саны-4000.
Шұғыл көмек
Жер сілкінісі орын алған Түркия және Сирияға қаржылай көмек көрсетілді.
Сондай-ақ, «Зекет және қайырымдылық» қорының «Су тасқынынан зардап шеккендерге шұғыл көмек» қайырымдылық жобасы аясында Ақтөбе, Атырау, БҚО, Қостанай, СҚО облыстарына
Шұғыл көмек
Табиғи апат кезінде еріктілердің іс-қимыл қозғалыстарын үйлестіру мақсатында «Жылжымалы өрт сөндіру» станциялары және «Жылжымалы оқу жаттығу полигоны» жабдықталды.
Астана және Семей қалаларында еріктілерге ТЖМ өкілдерімен бірлесіп семинар өткізілді.
QJ (Қайырымдылық Жаршылары) еріктілері төтенше жағдай мен табиғи апаттар кезіндегі іс-әрекеттер бойынша оқу-жаттығу жиынын өткізді.
Qaiyrymdyldq zharshlary
«QAIYRYMDYLYQ JARSHYLARY» II Республикалық еріктілер форумы өтті.

«QAIYRYMDYLYQ JARSHYLARY» 18 жергілікті, өңірлік және аймақтық форумдар өткізілді.

Республика бойынша жалпы еріктілер саны - 2 635.

Биыл өңірлерде су тасқыны кезінде 2060 ерікті көмек көрсетті.



ZEKET HUB
Қайырымдылық орталығы негізгі 2 бағытты қамтиды:
1) мұқтаж отбасыларды тұрақты түрде қайырымдылықпен қамтамасыз ету және кәсіпке баулу;
2) тұрмыс жағдайы төмен отбасынан шыққан жандарға нарықтағы сұранысқа ие мамандықтар бойынша қысқа мерзімді оқыту курстарын жүргізу.
Бүгінгі күні Астана қаласы, Алматы қаласы, Ақмола облысы, Алматы облысы, Қарағанды облысында “ZEKET HUB” орталықтары ашылған.
ZEKET HUB
Мамандықтар 3 бағытты қамтиды:
1. Кәсіп мектебі (дәнекерлеуші, жиhаз құрастырушы, СММ, мобилография, кілт жасау, ЛФК жаттықтырушысы) ;
2. Бизнес мектебі (жобалау менеджері, өнім менеджері,) ;
3. Этно кәсіп (астау жасау, ұлттық киім тігу, көрпе тігу,), т.б. курстар: ағылшын тілі, т.б.

.«ZEKET HUB» ОРТАЛЫҒЫНДА КЕЛЕСІ БАҒЫТТА ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЦЕХТАРЫ АШЫЛДЫ:
  • “Тігін шеберханасы” оқу-жаттығу цехі;
  • “Жиһаз шығару” оқу-жаттығу цехі;
  • “Металл дәнекерлеу “ оқу-жаттығу цехі;
  • “Кілт жасау” оқу-жаттығу цехі


Жобаны қолдау үшін



Made on
Tilda