Мұқтаж отбасылар мен ауыр науқасы бар жандарға шариғат талабына сай, ашық әрі жедел көмек.
2011 жылдан бері жеке және заңды тұлғалардың зекеті мен садақасын қабылдап, оны Ханафи мәзһабы бойынша шариғат үкімдеріне сай мұқтаж жандарға таратып келеміз. Құрылтайшы — Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасы.
Зекет пен садақа тек Құран мен Сүннетте көрсетілген орындарға бөлінеді.
Әрбір өкілдік атқарған жұмысы мен қаржылай есебін тапсырып отырады.
Көмек делдалсыз, тікелей мұқтаж жанның қолына жетеді.
Мұқтаж және көпбалалы отбасыларды ең қажетті азық-түлік себетімен қамтамасыз ету.
Ауыр дертке шалдыққан жандардың еміне, отасына және дәрі-дәрмегіне шұғыл көмек.
Баспанасыз, таршылық көріп отырған отбасыларға халық болып үй алып беру.
Жетім балалар мен аз қамтылған отбасыларды маусымдық жылы киіммен қамту.
Әлеуметтік жағдайы төмен жастардың оқу ақысын төлеп, болашағына жол ашу.
Балаларды мектеп формасымен және қажетті кеңсе тауарларымен жабдықтау.
Республика бойынша 7 оңалту орталығының арнайы бөлмелері заманауи құрылғылармен толық жабдықталды. Ерекше қажеттіліктері бар жандардың сапалы ем алып, қоғамға тез бейімделуіне көмектеседі.
Республика бойынша 2 900-ден астам ерікті мұқтаж жандарға әлеуметтік және рухани қолдау көрсетіп, қайырымдылық шараларының алдыңғы шебінде қызмет атқарады.
Тұрмыс жағдайы төмен отбасылардан шыққан жандарға нарықтағы сұранысқа ие мамандықтар бойынша тегін оқыту курстарын ұйымдастырып, тұрақты табыс табуына жол ашады.
Көру қабілеті шектеулі (зағип) жандарға Құран Кәрімді Брайль әдісімен оқыту курсы. Арнайы бағдарлама мен заманауи құрылғылар арқылы рухани ілім алуға жағдай жасалған.
«Балық берме, қармақ бер» ұстанымымен аз қамтылған отбасыларды өз кәсібін бастауға және өзін-өзі қаржылай асырауға үйрететін жоба.
3 айлық жазғы демалыста балалардың бос уақытын тиімді өткізуге арналған бағдарлама: ағылшын тілі, домбыра тарту өнері және шығармашылық дамыту.
Экологиялық ахуалды жақсарту, туған жердің табиғатын көркейту және жас ұрпаққа экологиялық тәрбие беруге бағытталған тал егу акциясы.
Әр садақа — біреудің дастарқанындағы нан, біреудің қолындағы дәрі.